380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жүргізушілер жыл басынан бері 258 млн теңге айыппұл төледі

  • 382
  • UPD: 21:13, 21.04.2018
Елордалық жүргізушілер жыл басынан бері 258 млн теңге айыппұл төледі

Елордалық жүргізушілер 258 миллион теңге айыппұл төледі. Бұл өткен 3 айдағы жағдай.

Жалпы берешек көлемі 576 миллион теңге. Полиция өкілдері «Борышкер-2018» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. 30 сәуірге дейін мамандар айыпты көлік иелерін тоқтатып, ескерту жасайды. Ал кінәліні «Сергек» жүйесі мен электронды планшет арқылы анықтайды. Егер төлеу мерзімі асып кетсе, көлік айып тұрағына қойылады. Жалпы әкімшілік полиция мамандары хабарламаны ұялы телефон немесе «Қазпочта» арқылы мекенжайға жолдайды.

Айта кетейік, жүргізушілер айыппұлдарын qamqor.gov.kz сайты арқылы тексеріп, төлей алады. Онда жол ережесін қашан және қайда бұзғаны жөнінде толыққанды мәлімет беріледі.

Дархан Тәшмұхамбетов, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы:

- Жедел алдын алу шарасы барысында 69 көлікті айып тұрағына қойдық. Соңғы 9 күн ішінде 30 миллион теңге бюджетке түсті. Хабарлама алған жүргізушілер айыппұлдарын төлеп жатыр. Қаладан шыға беріс жерлерде көлік ағымын автоматты басқару жүйесі орнатылған. Сол арқылы мемлекеттік нөмірлер тексеріліп, қарызы бар көлік дереу тоқтатылады. Оған қоса жол сақшыларының электронды планшетіне «Сергек» жүйесі арқылы борышкерлер туралы мәлімет келіп түседі.

Хабар 24 телеарнасы