382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада электронды билет жүйесі енгізілді

  • 481
Қызылордада электронды билет жүйесі енгізілді

Қызылорда қаласында алғаш рет қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілді.

Енді жолаушылар жолақысын смартфон арқылы төлей алады. Ол үшін арнайы мобильді қосымшасын орнатса жеткілікті. Автобустардың ішіне ілінген «КьюАр» кодты пайдаланып, телефон балансы немесе кез келген банк картасынан ақша аударымын жасайды. «Жолақысын төлеудің балама жүйесі біртіндеп қолма-қол есеп айырысуды азайтуға ықпалын тигізуі тиіс», – дейді мамандар. Елімізде бірінші болып Сыр өңірінен басталған бұл электронды билет жүйесі Қызылорда қаласының 200 жылдығына жасалған тарту болмақ. Өйткені жоба авторлары электронды платформаны орнату жұмыстарын тегін жүргізген.

Алмас Айменов, жоба авторы:

– Бұл жүйе – жолақысын төлеп, бірақ билет бермей қалу секілді түрлі қаражат жымқыру тәсілдерінің жолын кеседі. Өйткені билетті ұялы телефон арқылы сатып алады, бәрі анық, ашық көрініп тұрады. Автобусқа мінген әр жолаушының электронды билет сатып алғаны туралы ақпаратты кондуктордың да смартфонынан көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы