388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеліктер бір аптаның ішінде 84 қару мен бір мың дана оқ тапсырған

  • 491
Ақтөбеліктер бір аптаның ішінде 84 қару мен бір мың дана оқ тапсырған

Ақтөбеде тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алу акциясы өтіп жатыр.

Бір аптаның ішінде 84 қару мен бір мың дана оқ тапсырылған. Суық қарудың басым бөлігі – тегіс және ойық ұңғылы мылтық. Тіркелмеген тапаншалар да бар. Науқан кезінде қаруды өз еркімен тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен бірге қарудың жарамдылығына қарай арнайы сыйақы бар. Тұрғындардың қолындағы қару-жарақты сатып алу үшін бюджеттен 5 млн теңге бөлінген. «Арнайы акцияда суық қаруды жасырып қалғандар заң алдында жауап береді», – дейді тәртіп сақшылары. Бұл шаралар ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында қолға алынды.

Жұлдыз Сидашева, қалалық ішкі істер бөлімінің инспекторы

– Бөлінген қаржы толық игерілгенше, акция жалғаса береді. Тұрғындардан қару-жарақ сатып алу шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Оныншы сәуірде басталған республикалық акцияның мақсаты – қолдағы заңсыз қару айналымын тоқтату және ауыр қылмысты азайту. Сонымен бірге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы