386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БЖЗҚ салымшыларының қаржысы ірі қорға инвестицияланады

  • 422
  • UPD: 22:40, 23.04.2018

Ұлттық банк Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының валюталық портфелін басқару құрылымына өзгерістер енгізді.

Зейнетақы қорының қоғамдық кеңес отырысында салымшылардың қаржысы халықаралық ірі қорға инвестицияланатыны мәлім болды. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сарапшылар осы ақпаратты растады. Зейнетақы активтерін басқару декларациясына сәйкес, инвестиция көлемі 7 миллиард теңгеден асқан.

Нұрбүбі Наурызбаева, БЗЖҚ Басқарма басшысы:

- «Авива» деген компаниямен келісім шартқа қол қойылып, 220 млн доллар көлемінде ақша басқаруға берілді. Бұл шешімнің негізгі мақсаты, мына зейнетақы активтерінің басқарудағы тәуекелдерді төмендету. Егер «Авива» компаниясына келетін болсақ, бұл өте үлкен халықаралық компания, бұл қазіргі кезде 450 млрд доллар көлемінде активтерді басқарып отырған компания.

Халықаралық индекстік қорлар бірегей инвестициялық құралға ие. Әрбір салынған актив әртүрлі бағыттағы компаниялардың акцияларына бекітіледі. Осылайша инвестициялар сыртқы нарықтық тәуекелдерге төзімді келеді дейді қаржыгерлер. 

Александр  Пасюгин, ҚР ҰБ инвестициялық сарааптама департаменті басқармасының басшысы:

- Зейнетақы активтерін әлемдегі активтерді басқару саласында көшбасшы ретінде танылған халықаралық компаниялар инвестициялайды. Жаңа стратегия салымдарды сақтау мен өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, болашақта зейнетақы активтерінің кірісін арттыру көзделген.

Хабар 24 телеарнасы