386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына кезектен тыс пәтер беріледі

  • 424
  • UPD: 22:42, 23.04.2018

Петропавлда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына баспана кезектен тыс берілетін болды.

Қазір қала әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 21 сәуір күні болған. Апаттық жағдайдағы екі қабатты ескі үйдің қасбеті опырылып құлаған еді. Зардап шеккендер жоқ. Алайда 3 отбасы жалдамалы пәтерге жайғастырылды. Енді олар тиісті құжаттарын жинап, комиссияға тапсыруы тиіс. Жалпы қала бойынша тұрғын үйлері апаттық деп танылған 200-ге жуық адам кезекте тұр.

Евгений Глотов, қала әкімінің орынбасары:

- Бір отбасы құжатсыз тұрған. Яғни пәтердің иесі жоқ. Ал қалған екі жанұя кезекте тұр. Комиссия осы мәселелерді ескеріп, нақты шешім шығарады. Бұл сұрақ бір айда шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы