383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саяхатшы Т.Жұмабеков 35 елді велосипедпен аралап шықты

  • 886
  • UPD: 23:35, 23.04.2018

Велосаяхатшы Талғат Жұмабеков 14 мемлекетті аралап, 14 мың шақырым жер жүріп өткен.

Еуропа мен Кавказдағы сапарынан соң Ресейге бет алған. Мәскеу қаласындағы Абай Құнанбаевтың ескерткіші жанында саяхатшыны қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер қарсы алды. Велошабандоздың жолда жүргеніне бір жылға жуық уақыт өтті. Бұл оның әлемді аралауға арналған үшінші сапары. Бүгінге дейін 35 мемлекетте болып үлгірген. Талғат Жұмабеков велосаяхат кезінде тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарын насихаттап келеді. Енді Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка және Африка елдеріне баруды жоспарлап отыр.

Талғат Жұмабеков, велосаяхатшы:

- Өзім аралаған барлық елде біздің мемлекет жайлы айтып жүрдім. Олар үшін мен келтірген деректер өте қызық болды. Қанша мемлекетте болсам да ондағы тарихи ғимараттар мен ескерткіштер Қазақстанда да бар екеніне көзім жетті. Еуропа, Африка, Түркия болсын, барлық жерде мені жақсы күтіп алды. Дегенмен, көп алғысымды Германиядағы елшілікке ерекшелеп айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы