383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше елден келген мамандар отандық дәрігерлермен медициналық туризм бағытында тәжірибе алмасады

  • 452
Бірнеше елден келген мамандар отандық дәрігерлермен медициналық туризм бағытында тәжірибе алмасады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы аясында биыл азаматтардың денсаулығын қалыпқа келтіру еміне 3 млрд 900 млн теңге қаралған.

Бұл туралы «Шипажай-2018» денсаулық форумында айтылды. Қазақстан Президенті Іс Басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі мұрындық болған ғылыми-тәжірибелік шара 2 күнге жалғасады. Форум аясында Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Чехия, Македония, Словакия, Ресей және Әзербайжан елдерінен келген мамандар отандық дәрігерлермен медициналық туризм бағытында өзара тәжірибе алмасады. Айта кетейік, елімізде 150-ден астам шипажай бар, оның үштен бір бөлігі – жекеменшік. Ал өткен жылы ұзын саны 300 мыңдай адам ем алып, денсаулығын түзеген.

Саягүл Қайыргелдина, Ұлттық курорт қауымдастығының төрайымы:

– Осы саланы жан-жақты дамыту үшін баға саясатын реттеу арқылы шипажай қызметін халыққа қолжетімді етеміз. Мәселен, науқас операциядан кейін міндетті түрде шипажайға барып, денсаулығын қалыпқа келтіруі керек. Оңалту орталығын спа-салон немесе қонақүй санатына жатқызуға болмайды. Бұл бірінші кезекте медициналық қызмет ұсынатын мекеме.

Хабар 24 телеарнасы