378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий аймағындағы серіктестік болашағы туралы сауалнама қорытындысы шықты

  • 374
  • UPD: 08:58, 25.04.2018

«Каспий аймағы: болашақтың бейнелері» атты әлеуметтік сауалнаманың қорытындылары шықты.

Зерттеу Үлкен Еуразия жастар бастама көтеруімен өткен болатын. Оған Атыраудың, Баку және Астраханнің студенттері қатысты. Респонденттер келесі он жылдықта Каспий аймағының мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын таңдады. Студенттер сауда-экономикалық серіктестікке, біріккен білім беру бағдарламаларын құруға және ортақ туристік кластердің болуы тармақтарына басымдық берген. Сарапшылардың пікірінше, жастар аудиториясынан аймақтық жобаларды дамыту мүмкіндіктері мен келешегін көру маңызды. Орта есеппен 2030 жылға қарай қазіргі студенттер өз елдерінің дамуына жауапты болмақ.

Ильгар Велизаде, сарапшы:

- Сауалнамаға қатысқан мемлекеттер өзара тығыз серіктестік орнатқан. Дегенмен, жастар бастамасы базасы аясында жеке ынтымақтастық орнату өте маңызды. Бұл арқылы студенттердің үлкен жобаға деген қызығушылықтарын оята аламыз. Себебі 5-10 жылдан кейін зерттеуге қатысқан азаматтар осы жобаның қатысушылары болуы мүмкін ғой.

Хабар 24 телеарнасы