384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тау жыныстарының көшкіні тоқтады

  • 774
  • UPD: 10:24, 25.04.2018

Алматы облысының Кеген ауданы Саты ауылында тау бөктеріндегі көшкін жылжуын тоқтатты.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі хабарлайды.

24 сәуірде тау жыныстарының жылжуы байқалмаған. Тау жыныстарының жалпы ұзындығы 1700 м, көлденеңі 920 м екен. Оқиға орнында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жедел штабы жұмыс істеуде. Ол командалық-штабтық көлікте орналасқан, әрі қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған. «Қазселденқорғау» Мемлекеттік мекемесі күштері тау жыныстарының қозғалыс динамикасына және Көлсай өзеніндегі гидрологиялық ахуалына тәулік бойы мониторинг жүргізуде. Қазіргі кезде тау жыныстарының көшкіні елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Сондай-ақ Алматы облысында көшкін орнында География институты ғылыми қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы