389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда апатты үйлердің иелеріне өтемақы төленеді

  • 549
  • UPD: 10:43, 25.04.2018

Жезқазған қаласында 28 үй апатты жағдайда тұр. Мамандардың айтуынша, оның 12-сі мүлдем жөндеуге келмейді.

Өкінішке орай, әзірге тұрғындардың барлығын басқа баспанаға көшіру мүмкін болмай тұр. Дегенмен, жақында солардың ішінде ең қауіптісі - Жеңіс көшесіндегі 11-үй апатты деп танылып, соңғы үш подъезде тұратын 50 пәтердің иелеріне өтемақы төленетін болды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 350 миллион теңге қаржы бөлінбек. Бірақ ең әуелі бұл баспаналарды тұрғындардың келісімімен коммуналдық меншікке алу қажет. Қазіргі күні құжаттар реттеліп жатыр.

Нұржан Орынбаев, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

- Тұрғындарын көшіріп, өтемақысын төлеп болғаннан кейін біз оны құлатамыз. Содан кейін тағы да сараптама жасап, 1,2,3,4-подъездердің жаңа қорытындысын алатын боламыз. Ол жаңағы 7,8,9 подъездер құлатылғаннан кейін, қолрытындыға сәйкес, 1,2,3,4-подъездер апатты деп танылмауы да мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы