383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі

  • 1153
  • UPD: 10:14, 25.04.2018

Ақтауда құрылысы он жылға созылған тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

«Аққу-1» кешенінің құрылысы 2008 жылы басталған. Қабырғасы қаланып, шатыры жабылған сәтте құрылыстан ақаулар табылып, қауіптілігіне байланысты жұмыс тоқтатылады. Араға 6 жыл салып, тұралап қалған құрылысқа қайта жан бітті. Үш бірдей құрылыс компания іске кірісіп, іргетасын күшейту жұмыстарын жүргізді. 650 пәтерден тұратын алып кешеннің тең жартысы тұрғындарды қабылдауға дайын. Жеңіс күні қарсаңында баспана кезегінде тұрған 300 тұрғын мен банк салымшылары қоныс тойын тойлайды. Қалған 350 пәтер қыркүйек айына дейін берілмек.

Елдар Машырықов, Маңғыстау облыстық сәулет құрылыс басқармасы басшысының мәндетін атқарушы:

- Үйдің үстіне жабылған плиталары салбырап, содан тоқтатылған. Жабындылардың ақауынан. Оның бәрі қазір күшейту жұмыстары жүргізілді. Қазір толық ҚазНИСА-ның қорытындысына сәйкес, оң қорытынды шықты.

Хабар 24 телеарнасы