384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедек жандарға арналған электр қуатымен жүргіш арба сынақтан өткізіліп жатыр

  • 1051
  • UPD: 10:15, 25.04.2018

Мүгедектерге арналған механикалық арба электр қуатымен жүреді.

Қазақстандық өнертапқыштар құрылғыға литий-ионды аккумулятор орнатқан. Жетілдірілген қос дөңгелекті арба толық қуатында 27 шақырымды емін-еркін еңсереді. Отандық өнім шетелдік нұсқаларына қарағанда екі-үш есе арзанға түседі екен. Осындай арбаның төртеуі сынақтан өтсін деген ниетпен мүгедектерге тегін таратылды. Енді инвесторлар табылып жатса, жоба авторлары бұл құрылғының жаппай өндірісін қолға алмақ.

Берік Ұзақбайұлы, жобаның авторы:

- Біз кез келген арбаны электр арбаға ауыстыра аламыз. Шетелден арбаның бір түрі келеді. Мүгедекке ыңғайсыз болуы мүмкін. Қазіргі таңда мүгедектер өзіне ыңғайлы арбаны электрге ауыстыра алады. Және осы арбалар шетелдік арбадан арзанға түседі.

Хабар 24 телеарнасы