383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғарғы сот Кеңесі судьяларды іріктеу ісіне өзгешелік енгізбек

  • 471
  • UPD: 21:45, 25.04.2018
Жоғарғы сот Кеңесі судьяларды іріктеу ісіне өзгешелік енгізбек

Еліміздің Жоғарғы сот Кеңесі өзге елдердің үздік тәжірибелерін зерделеп, ұтымдыларын қолданысқа енгізбек.

Бүгін отандық және халықаралық сарапшылар сала жұмысын жаңғыртудың жаңаша жолдарын талқылады. Соның бірі – судьяларды іріктеу ісі. Бұрын үміткерлер біліктілік емтихандарын тапсыратын. Енді Кеңес бұл істің ортақ әдістемесін жасап, соны енгізіп көрмекші.

Ардақ Дүйсенбекқызы, ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің тұрақты мүшесі:

- Жоғарғы сот Кеңесі өз қызметін дамыту перспективаларымен судья кадрларын іріктеуді жетілдіруге бағытталған мәселелерді талқылап, мақұлдады. Осыған орай Жоғарғы сот Кеңесі белгілеген бағыттарды кезең-кезеңмен жүзеге асыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы