Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
375,95 426.6 5.7
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық омбудсмендердің медиаторлық рөлі күшейеді

  • 273
  • UPD: 15:38, 26.04.2018
Отандық омбудсмендердің медиаторлық рөлі күшейеді

Өткен жылы елімізде бас бостандығынан айыру және шектеу орындарына 500-ден астам мониторинг жүргізілді.

Нәтижесінде жазалау мен азаптау сынды басқа да қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласын ізгілендіру қажеттілігі анықталды. Бұл туралы бүгін омбудсмендердің ұлттық алдын алу тетігі форумында еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров хабарлады. Оның айтуынша, соңғы 4 жылда жүргізілген 2 мыңнан астам тексеру жұмысы арқасында отандық омбудсмендердің медиаторлық рөлі күшейіп отыр.

Асқар Шәкіров, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

– Ұлттық алдын алу тетігі құрылғалы еліміздің қылмыстық атқару жүйесі мен психиатриялық клиника сияқты бостандықты шектеу мекемелерінде адам құқығын қорғау жағынан оң өзгерістер байқалады. Мәселен, сотталушылар мен жүйке жүйесі бұзылған азаматтарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Осы орайда өткен ғасырдан қалған ескі инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы