383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің мамандары цифрлық картография жөнінен тәжірибе алмасып жатыр

  • 781
  • UPD: 20:48, 26.04.2018

Оңтүстік Кореяда жеті елден жиналған сарапшылар кеңістік деректері инфрақұрылымын құру жөнінде тәжірибе алмасып жатыр.

Конференцияға біздің елден «Зерде» ұлттық холдингінің қызметкерлері барған. Еуразиялық кеңістік деректері инфрақұрылымын құру бастамасын 2014 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Белорусь, Монғолия мен Корея елдері қолдаған болатын. Семинарға қатысушылар өз елдеріндегі картография ғылымының дамуы туралы баяндаумен қатар Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесін үйренбек ниетте.

Қуат Сағадиев, «Зерде» ҰИКХ жобаларының бас менеджері:

- Адамдар бос жатқан және иесі бар жерлерді, коммуникацияларды, егжей-тегжейлі көрсетілген жоспарды онлайн көре алатын қоғамдық карта жасағымыз келеді. Біздегі басты мәселе - жеріміздің аумағы үлкен болғандықтан оны картаға түсіру, цифрлауға үлкен көлемде қаржы керек. Біз қазір аз қаржымен үлкен нәтижеге жеткізетін жолды іздеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы