387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жүргізушілердің орнына сынақ тапсырған инспектор сотталды

  • 528
  • UPD: 07:52, 27.04.2018

Ақтөбе облысында жүргізушілердің орнына сынақ тапсырған мемлекеттік автоинспектор 2 жылға шартты түрде сотталды.

Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі, әкімшілік полиция қызметінің тіркеу-сынақ тобында қызмет еткен 33 жастағы аға инспектор бірнеше рет заң бұзған. Ол өзгелердің орнына сынақ тапсырғанымен қоймай, жалған құжат жасаумен де айналысыпты. Бұл қызметі үшін арадағы делдалдар арқылы ақша алып отырған. Мәселен, мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін қайта жасатуды 30 мың теңгеге бағалапты. Инспектор берген жалған құжаттар арқылы бірнеше адам Халыққа қызмет көрсету орталығынан куәлік алған.

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Ағымдағы жылдың 16 сәуіріндегі сот үкімімен, Саршин өзінің лауазымдық міндетін теріс пайдаланғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, түпкілікті 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы