384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда Есіл өзені тасып, 80 саяжайды су басты

  • 506
  • UPD: 13:43, 27.04.2018

Арнасынан асқан су қала іргесіндегі Заречный кенті маңындағы жолдың тағы бір бөлігін шайып кетіп, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қазір онда полицейлер  күні-түні кезекшілік етеді. Сондықтан жүргізушілерге уақытша айналма жолмен қатынауға тура келеді. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, су 30 метрге жайылып, 10 сантиметрге дейін көтеріліпті. Ал Сергеев су қоймасы күннен-күнге сабасына түсіп келеді.

Асхат Ержанов, облыстық ТЖД жедел штабының жетекшісі:

- Бүгінгі таңда Сергеев су қоймасынан ағып жатқан судың деңгейі 81 сантиметр. Ал 19 сәуір ол 1 метр 68 сантиметр болған еді. Сонымен бірге Есіл өзенінің ернеуінен шыққан аумақтары арнасына келді.

Хабар 24 телеарнасы