386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында майдангерлерге құрмет көрсетіледі

  • 375
  • UPD: 11:52, 28.04.2018

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 240 мың теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі.

Жергілікті бюджеттен осы шараға 30 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Ақша әрбір ардагердің есеп-шотына 1 мамырға дейін түсуі тиіс. Жалпы бүгінгі таңда облыста Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 111 майдангер тұрады. Ең жасы биыл 91-ге толып отыр. Ардагерлерге деген ықылас кеміген жоқ. Олар жыл он екі ай мемлекет назарында.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Соғыс ардагерлері бізде барлығы облыс бойынша басшыларға, мекеме басшыларына, соларға тіркеліп, сол кісілердің жыл бойы құзырында деп айтуға болады. Барлығы енді жағдайын жасау керек болса, мысалы, шаруашылық жағдайында болсын, қандай жағдай болмасын, сол кісілердің құзырында.

Хабар 24 телеарнасы