384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі медицина университетінде халықаралық конференция өтті

  • 594
  • UPD: 09:28, 29.04.2018
Ақтөбедегі медицина университетінде халықаралық конференция өтті

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінде өткен халықаралық конференцияда білім беру үдерісіне әлемдік тәжірибені енгізу жайы сөз болды.

Ғалымдардың басын қосқан жиынға Португалия, Ұлыбритания, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Украина елдерінің танымал профессорлары келді. Жалпы университет бірнеше шетелдік жоғары оқу орнымен әріптестік байланыс орнатқан. Одан бөлек 43 жетекші медициналық мектеппен тәжірибе алмасады. Оқу орнындағы «Визитинг-профессорлар» бағдарламасымен соңғы 2 жылда шет мемлекеттерден 50-ден астам оқытушы келіп, дәріс оқыған. Ақтөбе еліміздің батыс аймағындағы медицинаның кешенді орталығына айналғанын ескерсек, ондағы мамандарды әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дайындау маңызды болып отыр.

Диого Пайс, анатомия профессоры ( Португалия):

– Біздің ғылыми конференцияда көтерген мәселелеріміз ортақ және мақсатымыз бір. Біз білікті, білімді мамандар дайындауымыз керек. Мысалы, біздің елімізде үлкен медициналық университеттер жоқ. Әр салаға мамандар дайындайтын жоғары оқу орнының жанында медициналық мектептер ашылған. Менің ойымша, болашақ дәрігерлерді дайындаған кезде тек емдеу тәсілдерін үйретіп қана қоймай, әдеп жағын да басты назарда ұстау керек. Мысалы, анатомияны оқытқанда, тәжірибе жасалатын мәйіттердің өзіне құрметпен қарау маңызды.

Хабар 24 телеарнасы