386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дания еріктілері туабітті дертке шалдыққан сырбойылық сәбидің еміне қаржы аудармақ

  • 351
  • UPD: 11:40, 29.04.2018

Туабітті дертке шалдыққан сырбойылық сәби еміне 28 мың еуро қажет.

Нәресте даниялық емханаға 7 мамырда баруы тиіс. Еске салсақ, жуырда ғана «Хабар 24» телеарнасынан 7 айлық Шахназар Батырбекұлының науқасы жөнінде бейнематериал көрсетілді. Республика көлемінде 7 адамда тіркелген гиперинсулинизм дертіне қарсы отандық медицина дәрменсіз. Сондықтан Еуропадағы клиникада емделу үшін Шахназардың анасы қазақстандықтардан көмек сұраған болатын. Сюжет эфирге шығысымен Данияның еріктілер тобы хабарласып, 5 мың еуро аударуға және виза рәсімдеу шығындарын өтеуге әзір екендіктерін айтқан. Сондай-ақ германиялық «Киндер» қоры да балалар госпиталіне 8 мың еуро төлейтінін жеткізді. Енді жетпейтіні –14 мың еуро. Сонымен қатар баланы тасымалдауға отандық санавиация мен жолда бақылайтын дәрігер бөлу мәселесі шешілу керек.

Лаззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Бала Қызылорда облыстық балалар ауруханасында жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оған интенсивті терапия жүргізу қажет. Яғни қазіргі уақытта ол жолды көтере ала ма? Осы сұрақ маңызды. Дәрі-дәрмек жағы толық шешілді. Жергілікті бюджеттен мәслихат шешімі бойынша оған қажетті деген барлық препараттар алуға қаржы бөлінді. Диагнозды нақтылау үшін сынамалар Мәскеуге жіберілді. Егер диагноз нақтыланған жағдайда оған ары қарай қандай ем қолдану керектігі анықталатын болады. Ал баланы басқа жаққа апару керек болса, онда министрліктің шешімімен санитарлы авиация мәселесін қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы