376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы ғалымдар басқосуында жастар мәселесі талқыланды

  • 716
  • UPD: 15:17, 29.04.2018
Оралдағы ғалымдар басқосуында жастар мәселесі талқыланды

Оралда ғалымдар бас қосты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған алқалы басқосуға Алматы, Атырау, Ақтөбе, Семей, Павлодар және Ақтау қалаларының ғалымдары онлайн түрде қосылып, жастарды толғандырған мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Конференция барысында ғалымдар «Жаңа дәуірдегі ұлттық тәрбиенің маңызы», «Заманауи білім берудегі прагматикалық бағыт», «Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңызы» және «Отбасы – рухани жаңғыру негізі» сынды тақырыптар бойынша баяндама жасады. Осы еңбектер негізіндегі ұсыныстар аясында келешекте ғылыми материалдар жинағы шығарылмақ. Әлеуметтік жағдайға келсек, оқу орнында білім алатын студенттердің 80 пайызы жатақханамен қамтылған. Десек те жастарды тәрбиелеуде рухани саланың, соның ішінде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. «Бұл ретте университет жанында жұмыс істейтін орталықтардың жұмысы оң нәтижесін бере бастады», – дейді ұйымдастырушылар.

Рита Сұлтанғалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Облысымызда жүзеге асқан шаралар, әсіресе балалар үйі мектеп жасындағы мекемелердегі қазақ қыздарын тәрбиелеу мәселесінде үлкен жоба жүзеге асқан болатын. Біздің әдебиетіміздегі осы қайнар көзі рухани мұраларымыз арқылы жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру, отаншылдық сезімді қалыптастыру, рухани мұраларымыз арқылы бағытта жұмыстарымызды жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы