389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

  • 717
  • UPD: 19:11, 29.04.2018
Оралда бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда «Жастарға - жұмыс!» тақырыбын арқау еткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шара мақсаты – биыл жоғары және арнаулы орта оқу орындарын тәмамдайтын мыңдаған түлек пен бос жүрген жастардың еңбекпен қамтылуына жағдай жасау. Өз кәсібін бастауға ниетті қыз-жігіттерді мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру. Жәрмеңке барысында «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» секілді бағдарламалардың тиімді тұстары бойынша кеңестер берілді. Жастар сонымен қатар жеке кәсіп ашу, тұрғын үйге қол жеткізу, электронды еңбек биржасы тақырыптарын қамтыған семинар-тренигтерге қатысты.«Қазіргі таңда еңбек нарығында сан түрлі мамандықтар сұранысқа ие. Сондықтан жұмыс табуға мүмкіндік бар. Бастысы, жастардың ынта-жігері мен біліктілік талаптары сай келуі тиіс»,- дейді ұйымдастырушылар.  

Әлфия Жақсығалиева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық директорының орынбасары:

- Жәрмеңке қала бойынша 300 жұмыс орынмен, аудандар бойынша 200 жұмыс орындарын 45 жұмыс беруші ұсынып отыр. Осының нәтижесінде жұмыс іздеп келген жастарымыз бен қала тұрғындары жұмыс пен өзінің ойлаған мақсатына жетіп, жәрмеңкеден кейін жұмысқа ораналасып, өзінің қалаған қызметінде жұмыс жасай алады деген ойымыз бар. 

Айжан Ғұбашева, педагогикалық колледждің 4-курс студенті:

- Қазіргі уақытта жұмыс табу үшін жастардың бойынша ізденімпаз шығармашылы деген сияқты талаптар болуы қажет. Қазіргі таңда көп жұмыс берушілер стаж болса деп аталап етіп жатады. Бірақ біз жас маман болсақ та педпрактикадан өтіп, өзіміздің бойымыздағы бар шығармашылықты шыңдадық. Жұмыс жасауға дайынбыз!

Хабар 24 телеарнасы