384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ға мүше елдердің жеткіншектері танымдық ойынға қатысты

  • 673
  • UPD: 19:40, 29.04.2018

Шанхай ынтымақтастық ұйымының жас буын өкілдері өзара келісім принциптерін меңгеріп жатыр.

Ұйымның Бас штаб-пәтерінде интерактивті танымдық ойын өткізілді. Оған Шанхай отбасына мүше елдердің Бейжіңде оқитын оқушылары қатысты. Олар сайыс кезінде «ШЫҰ ұлттық үйлестірушілер кеңесі» қызметін өз білгендерінше бейнелеп көрді. Биыл ұйымдастырылған ойынның үшінші кезеңі 2018 жылдың ең маңызды оқиғасы - Циндао қаласында өтетін саммитке арналды. «ШЫҰ үлгісі» деп аталатын бұл шара жыл сайын өткізіледі. Ол дипломат болғысы келетін жастарды «Шанхай рухындағы» ұстанымдарына баулиды. Қазақстанның өкілі ретінде ойынға қатысқан Жәния Қадырова халықаралық алаңда елінің мүддесін барынша қорғады.

Жәния Қадырова, 9-сынып оқушысы:

- Біз соңғы екі ай тынбай дайындалдық. Мемлекеттік өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешімін өз бетімізше қарастырдық. Ойын жастар үшін болашақта мамандық таңдауға септігін тигізетіні анық. Сайыс кезінде біз ШЫҰ ортақ коммерциялық банкін құруды ұсындық. Гумантиралық сала бойынша бірыңғай мәдени фестиваль өткізу қажеттігін айттық.

Егор Полеев, 9-сынып оқушысы:

- Біз ШЫҰ Астаналық саммитінде көтерілген барлық мәселелерді қарастырдық. Үндістан елінің өкілдері ретінде жұмыс істеуде ағылшын тілін қолдануды ұсындық. Өйткені залда отырған Үндістан мен Пәкістан тарабының келіссөздерді түсініп, өз пікірлерін айтатын мүмкіндігі болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы