384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы алқаптарға егілетін қатты бидайдың үлесі артады

  • 313
  • UPD: 22:13, 29.04.2018
Ақмола облысындағы алқаптарға егілетін қатты бидайдың үлесі артады

Ақмола облысының Сандықтау ауданында биыл егістік алқаптарында қатты бидайдың үлесі көбейеді.

Себебі тұқымның бұл түрі нарықта сұранысқа ие. Өнімділігі де өте жоғары. Әрі жұмсақ бидайға қарағанда бағасы 20-30 мың теңгеге қымбат екен. Астықтың бұл түрін макарон өнімдерін өндіретін фабрикалар көптеп алады екен.  Өткен жылы аудан шаруалары қатты бидайды 25 мың гектардан астам алқапқа сепсе, биыл бұл дақылдың үлесі тағы 3 мың гектарға артпақ. Айтуларынша, бұл шара егістікті әртараптандыруға жатады. Былтыр сандықтаулық диқандар олжалы болды. Әр гектардан 19 центнерден астам өнім алып, бас-аяғы 570 мың тонна астық жинаған болатын. Техникасы да жыл сайын жаңарып келеді. Ал биыл шаруалар 300 мың гектардан аса жерге дән сіңірмек. Оның 8 мың гектарына майлы дақылдар да себіледі.

Қайрат Жылқыбаев, Сандықтау аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

- Енді біздің ауданда майлы дақылды егістіктерді онша көбейте алмаймыз. Өйткені, оған біздің ауа-райы жағдайы келмейді. Біздің ауданда қар ерте түссе, кеш ериді. Бірақ енді бізде жердің ыңғайына қарай қыратты жерлер бар. Сол қыратты күннің көзі көп түсетін жерлерде қатты бидай егуге ыңғайлы келеді. Өйткені ол жерлер қыратты болғанымен, балбанитеті жоғары. Ал бізде орташа балбанитет 53. Ал кейбір 100-ден асатын балбанитеттер бар.

Хабар 24 телеарнасы