389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ван Кайвэнь: ҚХА – бірлігі жарасқан ұлттардың бесігі

  • 408
  • UPD: 22:43, 29.04.2018

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының жүзеге асырылуы Қазақстан халқының бірлігін одан әрі нығайта түседі.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Ван Кайвэнь біздің арна тілшісіне берген сұхбатында осылай деді. Тәуелсіздік алғаннан бері Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын көпұлтты Қазақстанда халықтардың татулығы мен үйлесімді бірлігі қалыптасты. Бүгінде кез келген этностың өкілі өз болашағына сеніммен қарайды. Ал Қазақстан экономика мен мемлекет құрылысындағы жетістіктерімен таңғалдыратын болады. Бұл Ван Кайвэннің сөздері. Оны айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет гүлденуіне негіз болған бірегей институт.

Ван Кайвэнь, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Ассамблея бірлігі жарасып, ұйып отырған ұлттардың бесігі. Бұл бірегей институттың арқасында кез келген этнос Қазақстанның дамуына байланысты өз пікірін айтып, оған үлес қоса алады.

Хабар 24 телеарнасы