388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Бірлік күні» фестивалі басталды

  • 662
  • UPD: 08:58, 01.05.2018

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Алматыда «Бірлік күні» фестивалі басталды.

Шара Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтіп жатыр. Осымен екінші мәрте өткізіліп отырған шараға аула клубтары  қатысады. Яғни байқау шартына сәйкес балалар мен жасөспірімдерге арналған аула клубтарына бірнеше тапсырма берілген. Олар алдын ала өткен жеребе қортындысы бойынша Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдниетін, ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен ұлттық тағамдарын кеңінен таныстыруы тиіс. Әр сала өкілдерінен құралған қазылар алқасы фестиваль қортындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бұл байқауға қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдіргендер қатары арта түсті дейді ұйымдастырушылар.   

Айсұлу Төлепова, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының өкілі:

- Бұл фестивальдің басты мақсаты бізде қалада орналасқан, яғни жұмыс істеп жатқан 40 аула клубы бар. Балалар мен жасөспірімдерге арналған. Сол клубтарды топ топтап яғни Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар солардың арасында жеребевка жасап әр аула клубына белгілі бір ұлт өкілдерін берген болатынбыз. Біздің Қазақстанда барлығы бірлікте, барлығы тұтас бейбітшілікте өмір сүріп жатқанын насихаттау, яғни достықты халықтар бірлігін насихаттау болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы