389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде өткен IT-технология фестиваліне оқушылар мен студенттер қатысты

  • 899
  • UPD: 09:01, 01.05.2018

IT технололоия болашақтың қадамы. Өскеменде осындай атаумен Шығыс Қазақсан облысындағы орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің фестивалі өтті.

Осымен 6-рет ұйымдастырылып отырған шараға IT саласында өзіндік жетістікке жетіп жүрген 80-нен астам жас өнертапқыш қатысты. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына негізделген оқушылардың  жоба-жоспарлары қандай?

Зайсан ауданы Кеңсай аулындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Диана Әдібаева оқу бағдарламасына арналған интеллектуалды тест жобасын жасаған. Ол тест арқылы оқушының білім деңгейін анықтауға болады.  Негізі  5 кезеңнен тұратын жобада оқушы алғашқы қадамнан өткен соң ғана келесі кезеңге өте алады. Ал өтпеген жағдайда осы жобаның көмегімен  білімін  одан ары жетілдіреді.

Диана Әдібекова, 10-сынып оқушысы:

- Интеллектуалды  тест жұмысы бірнеше бағыттарға  бөлінген. Ол күнделікті  тұрғыдан емес бірнеше сәйкесьендіру, толықтыру дұрыс жауапты және де қате жауапты анықтау мақсатында қолданылады. Яғни бұл оқуш ылардың ары қарай білімін жетілдіруге  өте ықпал  жасайды.

Студенттер мен  оқушылардың  IT-саласында үсынған жобалары 4 секторға  бөлінген. Әрбір жобаның өзіндік жаңашылдығы бар. Ал жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Сергей Коваленко, жаңа технологиялар  аймақтық орталығының директоры:

- Осындай шаралар айти саласындағы технологияны дамытуға серпін береді. Инженерлік бағытта жаңа мамандықтарға жол ашады. Біз осы салаға балаларды көбірек тарту үшін жобаларды көбейтуіміз керек. Сондықтан келер жаңа оқу жылынан бастап, IT-сыныптар ашылмақ. 

Келер оқу жылынан бастап  облыс бойынша 277 кабинет IT-салаға арналып толық жаңадан жабдықталады. Биылғы фестивал сол жұмысқа дайындық ретінде өткізілді. Мына «актив-панельдермен»  физика, химия және биология кабинеттерін роботехникамен жабдықтауда қолданылады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов, Роман Родионов

Хабар 24 телеарнасы