387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте қаралған заң жобасы көгілдір отын тапшылығын тудырмайды

  • 434
  • UPD: 13:43, 02.05.2018

Парламент Мәжілісінің отырысында палата депутаттары «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жобада сұйылтылған газды тек электронды сауда алаңдары арқылы өткізу көзделген. Ал электронды сауда дамымаған өңірлерде газ тапшылығы туындамай ма? Баяндама жасаған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов газ өндіруші мекемелер мен зауыттардың ішкі нарыққа газ беру міндеті сақталатынын айта келіп ұсынып отырған заң жобасында газды таратудың әдісі ғана өзгергелі отыр. Электронды сауда алаңдары біртіндеп, әуелі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 10-20 пайызға, содан кейін екі жылдың ішінде, яғни 2019-2021 жылдары барлық аймақтарға енгізілетін болады. Демек, электронды сауда алаңдарымен толықтай қамтылады. Заң жобасы газдың тапшылығына әкеліп соқтырмайды.

Хабар 24 телеарнасы