387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары сайлау туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізуі мүмкін

  • 594
  • UPD: 15:13, 02.05.2018

Парламент Мәжілісінің отырысында палата депутаттары, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жобада сұйылтылған газды тек электронды сауда алаңдары арқылы өткізу көзделген. Құжат қабылданған жағдайда елімізде газ тапшылығы болмайды. Жүйе келер жылы іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ депутаттар «Сайлау туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Мамандардың айтуынша, жаңа институттар арқылы сайлаудың ашық әрі демократиялық түрде өтуі қамтамасыз етіледі. Кейін жиынға қатысушылар коммерциялық емес ұйымдардың қызметін талқылап, тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Айта кетейік, қаралған құжатқа сәйкес, бұл бірлестіктердің қызмет көрсету сапасы артады. Жүзеге асырылатын әр жобаны бағалау жүйесі әзірленеді.

Хабар 24 телеарнасы