387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Егер ПИК дұрыс жұмыс істемесе, қайда шағымдану керек?

  • 385
Егер ПИК дұрыс жұмыс істемесе, қайда шағымдану керек? Yvision.kz

Егер ПИК өз жұмысын дұрыс атқармаса, кооператив басқармасының әрекеті мен оның төрағасына жалпы жиналыста шағымдану қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Былайша айтқанда, ПИК мүшелері басқарманы қайта тағайындау немесе кооператив төрағасын жаңадан сайлау туралы мәселені қоюына құқы бар, яғни кооператив мүшелерінің жиналысына ПИК бағынысты.

Сонымен қатар пәтер иелері жалпы жиналыста басқа ПИК-ке ауысуына немесе басқа басқарушы компанияны таңдауына не басқарушы шақыру туралы шешім қабылдауға құқы бар. Сондай-ақ олар өзге кооперативке барып, өздері тұрып жатқан үйге қызмет көрсету туралы өтінішпен шыға алады. Бірақ бұл жағдайда алдымен жиналыс өткізіп, өзге пәтер иелері кооперативіне ауысқан кезде ғана келісім береді.

Айта кетейік, ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР заңының 47-бабына сәйкес, ПИК төрағасын сайлау кооператив жиналысында шешілу керек. Сол себепті төрағаны, басқарма мүшелерін және де ПИК ревизия комиссиясын да жалпы жиналыста таңдайды.

Басқарма мүшелері дегеніміз бұл – құрылтайшылардың жиынында тұрғындардың мүддесін қорғап сөйлейтін бірнеше тұлға. Көбінесе аталмыш кондоминиумда бұрыннан тұратын және сол жердің қандай мәселесі барын білетін тұрғын үйдің белсенді мүшелері.

Ал ревизиялық комиссия – кооператив қызметінің әрбір бөлігіне қаржылай тексеру жүргізеді. Ревизиялық комиссия жыл сайын кооператив басқармасына қорытынды есеп береді және басқарма ұсынған жылдық сметаның шығыны мен кірісін қорытындылайды. 

Егер сізде ПИК жұмысына қатысты сұрақ туындаса, Достық даңғылы, 13-ші мекенжайда орналасқан «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ жазбаша хат түрінде шағымдануға болады.

Байланыс номері: 8 (7172) 55 75 39 , 8 (7172) 55 75 26.

Хабар 24 телеарнасы