389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі басталды

  • 759
  • UPD: 19:51, 02.05.2018
Атырауда халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі басталды

Атырауда «Алмалы KZ» деп аталатын балалар шығармашылығына арналған халықаралық өнер фестивалі өтіп жатыр.

Байқауға биыл еліміз бойынша 550 өнерпаз бала келген. «Вокал», «Хореография», «Актерлік шеберлік» секілді аталымдардың жеңімпаздары халықаралық фестивальдарда ел намысын қорғайды. Өйткені бүкіләлемдік фестивальдар қауымдастығына біздің ел бойынша осы «Алмалы КZ» байқауы ғана мүше. Өнер сайысына Қазақстан, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина, Македония және Сербия республикаларының танымал өнер майталмандары қазылық жасайды.

Шәрбат Бисалиева, «Алмалы.KZ» халықаралық өнер фестивалінің директоры:

- Былтыр жүлдегерлеріміз «Славян базарына» барып Қазақстанның атынан өнерлерін көрсетті. Македония еліне барып халықаралық фестивальдың гран-при иегері болды. Осындай-осындай мысалдарымыз көп. Осы фестиваль жас дарындарды тек Атыраудың емес, Қазақстанның жас дарындарын үлкен-үлкен биіктерден көрінуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы