386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұра ауданында 88 отбасы баспаналы болады

  • 448
  • UPD: 09:14, 03.05.2018
Нұра ауданында 88 отбасы баспаналы болады

Қарағанды облысының Нұра ауданында 88 отбасы баспаналы болады.

Елді мекенде соңғы 5 жылда бірде-бір үй салынбаған екен. Үй кезегінде тұрғандар саны 400-ден асып кетті. Тек биыл ғана қазынадан 700 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, сең қозғалды. Жыл соңына дейін аудан орталығы Нұра кентінде 24 пәтерлі көпқабатты екі үй және 2 пәтерлі 20 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Бұған қоса келесі жылы бірінші рет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13 ауылда 13 үй салынғалы отыр. Сонымен қатар 2019 жылы кенттегі тағы 20 отбасы қоныс тойын тойлайды деген жоспар бар.

Жанат Әшімов, Нұра аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

Қаражат бөлінбей, тағы да басқа себептермен үйлер салынған жоқ. Сондықтан біраз кезек өсіп кетті. Оның ішінде жетім қалған балалар, ардагерлер, көпбалалы аналар, жағдайы қиын жанұялар бар. Осылардың барлықтарын үймен қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Сол міндетті орындаймыз деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы