384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің шекара теңіз флоты амфибиялық катерлермен толығады

  • 550
  • UPD: 12:04, 04.05.2018
Еліміздің шекара теңіз флоты амфибиялық катерлермен толығады

Қазақстандық шекара теңіз флотының құрамы таяуда амфибиялық түрдегі ауа жастықты екі катермен толығады.

Көп мақсатты жауынгерлік су көліктері күндіз және түнде 25 мильге дейін қашықтыққа ашық теңізге шыға алады. Батпақ, құмды не тасты жағалауда мұз үстімен еркін қозғала алатын амфибиялық катерлер еліміздің шекара флотында бұрын-соңды болмаған. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге. Оралдағы кеме құрастыру зауытынан шығатын ауа жастықты кемелер осы жылдың жаз айлары Ақтауға жеткізілмек.

Әлібек Каюпов, ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті аймақтық басқармасының бастығы:

– Ауа жастықты амфибиялық катерлер десант және әскери техникаларды ешқандай көлік өте алмайтын жерлермен жүріп өтіп, діттеген жеріне жеткізеді. Озық үлгідегі навигациялық құралдармен жарақтануының арқасында ұтқыр қимылдап, террорлық топтарға күтпеген жерден шабуыл жасауға ыңғайлы. Отандық үлгідегі көпмақсатты әскери катерлердің Каспий жағалауында нәтижелі әрекет етеріне сенім мол.

Хабар 24 телеарнасы