Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласының маңайында бұзылу қаупі бар 17 көл анықталды

  • 705
  • UPD: 12:38, 04.05.2018
Алматы қаласының маңайында бұзылу қаупі бар 17 көл анықталды

Мұндай ақпарат көздерін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласының ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Әлібеков айтты.

Ерлан Әлібекұлының сөзіне сүйенсек, Алматы қаласының аумағы сел тасқынға қауіпті, Алматы қаласының маңайында 36 моренді көл бар, олардың 17-сі бұзылу қаупі бар көл ретінде белгіленген.

Жыл сайын осы мақсат бойынша жергілікті бюджеттен, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді.

2017 жылы 9 бұзылу қаупі бар морена көлдерін босату үшін бірінші рет диаметрі 315 мм болатын сифон құбырлары, сондай-ақ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасы бойынша 2016 жылы әкімдіктен алынған сағатына 400 м.3 су соратын жоғары өнімді сорғылар қолданылды. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде 4 көл толықтай босатылды, қалған көлдерде судың деңгейі 2-ден 9 метрге дейін төмендеді. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен жергілікті бюджеттен бөлінген 13 млн теңгеге «Қазселденқорғау» АҚПБ ММ жоғары таулы су бекеттеріне 10 тұрғын үй модулі сатып алынды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласын селден қорғаудың проблемаларын түбегейлі шешу үшін 4 аса қауіпті учаскелерді тексерді, олардың ішінде біреуінде қорғаныс құрылымдары мүлдем жоқ болды, аталған кемшілікті жою үшін төмендегіде шаралар жүргізу қажет деп танылды:

– Үлкен Алматы өзеннің жоғарғы жағынан Аюсай өзенінің төменгі жағына дейін  сел ағынды бөгет құрылысын жүргізу;

- Ақсай өзеніне сел ағынды бөгет құрылысын салу;

- Қолданыстағы Мың жылқы (Кіші Алматы) бөгетін қайта құру;

Аталған учаскелер бойынша 2016 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген (169,1 млн теңге) қаражатқа жобалық-сметалық құжаттар жасалды.

2017 жылы трансферт тәсілімен бөлінген қаражатқа қолданыстағы Мыңжылқы бөгетінің 1-кезеңіне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді және ГЭС-1 ҮАӨ автожолындағы қауіпті учаскелерге қорғаныс құрылыстары салынып, қауіпті аймақтардағы аса қауіпті жерлер нығайтылды. Мыңжылқы бөгетін қайта жөндеудің 2-кезеңі 2018 жылға жоспарланған.

Селге қауіпті Үлкен Алматы өзенінің арнасының су жіберу мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында, 2017 жылы республикалық бюджеттен бөлінген (11 млн 858 мың теңге) қаржыға өзеннің айналасында өскен 2268 жабайы ағаштар мен бұталар кесілді. Сонымен қатар бүгінгі күні өзеннің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз, (аралас темірбетон құрылыстары бұзылып, соның салдарынан су ағынының жылдамдығы тұрақтандырылмайды және судың қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілмеген) қайта жөндеуді талап етеді.

Аталған мәселені жою үшін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жобалық-сметалық құжаттар үшін 2018 жылға жергілікті бюджеттен 36,7 млн теңге бөлуге бастама көтерді.

Хабар 24 телеарнасы