385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы әскери институтта «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды

  • 495
  • UPD: 15:30, 05.05.2018
Алматыдағы әскери институтта «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды

Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтының қыздары сарбаздарды Отан қорғаушы күнімен құттықтап, ерекше сый жасады.

Олар бұл жолы «Екі жұлдыз» ән байқауын ұйымдастырыпты. Концерттік бағдарламада жиырма қатысушы он жұп құрып, үздікті анықтады. Яғни әскери қызметкер мен кәсіби әнші қосылып, ән шырқады. Екі аптаға созылған дайындықтың нәтижесін бүгін институттағы сарбаздар мен курсанттар тамашалап, қазылар алқасы олардың өнерін бағалады. Байқауға қатысушылар патриоттық әндерді орындап, билеу шеберліктерін көрсетті.

Әлия Тақабаева, Құрлық әскерлерінің әскери институты мәдени демалыс орталығының басшысы:

– Біз қазіргі және өткен ғасырдағы әскери әндерді таңдап алдық. Қатысушылар сайысқа екі аптадан аса дайындалды. Оған қоса, хореографиялық шеберлік және театрландырылған қойылым да енгізілді. Қатысушылардың барлығында вокалдық білімі жоқ. Сондықтан кәсіби әншімен жұп жасадық.

Хабар 24 телеарнасы