389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның табиғатын тамашалауға жыл сайын 80 мыңнан астам турист келеді

  • 1008
  • UPD: 22:20, 04.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы өңір инфрақұрылымын жақсарту арқылы шетелдік туристерді барынша тартуды көздеп отыр.

Жыл сайын аймақтың табиғатын тамашалауға келетіндер саны 80 мыңнан асады. Қонақтардың көбі ресейліктер. Осы орайда облыс басшысы келушілер санын екі есеге арттыруды көздеп отыр. Құмар Ақсақалов туристердің қатарын көбейту үшін қандай қам-қарекет жасайды?

Теріскейдегі тарихи орындарға туристерді  барынша тартуға болады.  Соның бірі әрі бірегейі жылқы атаулы алғаш қолға үйретілген Ботай қонысы. Бұл жерге  қызығушылардың қатары қалың. Киелі мекенді  аспан астындағы мұражай дерсің. Деседе  солтүстікке туристер ағылып жатыр деп айтуға келмейді. Туристердің дені  көрші ресейліктер. Сондықтан өңір басшысы алдағы уақытта  саяхатшылар  санын 2 есеге  көбейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін ең алдымен шұрық-тесік жолдар жөнделуі тиіс.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Ең алдымен логистика мәселесін шешу керек. Омск, Түмен, Қорған бағытындағы жолдар жөнделеді. Олардың сапасы бірінші және екінші санаттағы жолдармен бірдей болады. Оған қоса теміржол вокзалының кескін келбетін  әрлеп  жатырмыз. Жеделсаты орнатуда ойда бар. Мұның бәрі қонақтарға қолайлы жағдай жасау үшін істеліп жатыр.

Өңірдің киелі нысандарының бірі энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші «Ботай қонысы». Республикалық маңызға ие нысан өңірдің бренді. Биыл «Ботай қонысы» республикалық  тарихи үш қоныстың қатарына енді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Әлі 17 нысан тізімге кірмеді. Бұл  қолға алынған жұмыстың басы ғана. Виртуалды карта  әзірледік. Мәселен, солардың бірі «Заман таспасы» жобасы. Енді туристер гаджеттердің көмегімен қаланың тарихи ескерткіштерін тамашалай алады.

Өңір басшысы  жаңа қазақ театрының құрылысы жайлы ақпарат берді. Биыл өңір орталығында жаңа «Жас өркен» ауданында 500 орындық театрдың құрылысы басталуы тиіс.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы