389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мүгедек жандарды биометрия көмегімен анықтау жобасы жүзеге асты

  • 690
  • UPD: 22:54, 04.05.2018
Елордада мүгедек жандарды биометрия көмегімен анықтау жобасы жүзеге асты

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды биометрия арқылы анықтау жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Яғни пошташылар бұл азаматтардың үйіне қажетті құрал-жабдықтарды әкелген кезде оларды бет әлпетіне қарап идентификациялау мүмкін болады. Ол үшін мамандар  арнайы құрылғыны қолданады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова хабарлады. Оның айтуынша, жаңа жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қағазбастылықтан арылтады. Сондай-ақ мүгедектік тобын анықтау ісі де біршама жеңілдейді.

Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Пилоттық жобада пациенттер мүмкіндігі шектеулі азамат келмейді экспертизаға, ал тек ғана оның дәлелдеген құжаттары цифрлық түрде ақпараттық жүйеге келіп түседі. Біздің эксперттеріміз тегін, атын-жөнін білмей, көрсетіліп отырған құжаттарға сәйкес шешімін шығарып, группасын тағайындайды.

Хабар 24 телеарнасы