387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Ұлттық өнім» көрмесі ашылады

  • 1030
  • UPD: 07:19, 05.05.2018
Астанада «Ұлттық өнім» көрмесі ашылады Kazakh-tv.kz

Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында отандық өндірушілердің «Ұлттық өнім» атты төртінші көрмесі ашылады.

Үш күнге созылатын шарада қонақтар елімізде өндірілетін тауарлармен жақын танысып, азық-түлік түрлерінен дәм тата алады. Аталған іс-шараға сауда желісінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысады. Көрмеде 350-ден астам өндірушінің 5000-нан астам тауары қойылады. Атап айтқанда, отандық ісмерлердің қолынан шыққан киімдер көпшілік назарына ұсынылады. Шара аясында халықаралық және қазақстандық компаниялар өз жобаларының даму барысымен таныстырып, тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ «Халық таңдауы» атты байқау ұйымдастырылып, құнды сыйлықтар ойнатылады.  

Хабар 24 телеарнасы