384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы өнер мектебі жаңа ғимаратқа көшті

  • 824
  • UPD: 07:49, 05.05.2018
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы өнер мектебі жаңа ғимаратқа көшті

Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінген.

Қазір мамандандырылған өнер ордасында көркем өнер мен музыкалық бағыттағы 9 сыныпқа 350 оқушы қабылданды. Мұнда ауыл жасөспірімдері домбырамен өлең айту, қобыз тарту және эстрадалық вокал өнерінен сабақ алады. Ал таяуда ұлттық киімдер үлгісін тігу үйірмесі ашылды.

Аружан Боранқұл, Ақтоғай селосының тұрғыны:

- Бұл мектепті өнерлі түлектер бітіріп жатыр, керемет балалар білім алып жатыр, мен осы мектептің түлегі болғаныма қуаныштымын. Алға қойған ендігі мақсатымыз – Ақтоғайдың 90 жылдығына дайындық және оны есте қаларлықтай етіп өткізу.

Хабар 24 телеарнасы