389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

  • 1325
  • UPD: 19:40, 05.05.2018
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматыдағы Достық үйінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай және республикалық «Қамқор» акциясының аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Алматы қаласындағы соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен сұрапыл жылдары өмірге келген қариялар шақырылып, мерекелік дастарқаннан дәм татты. Қазыналы қарттар жиналған жастарға өткеннен сабақ алып, татулық пен бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауға үндеді. Ал өнерлі жастар майдангер ата-әжелеріне арнап, арнайы концерт қойып, ақ баталарын алды.

Бейсенғали Жұбаниязов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

1943 жылдан бастап аяғына дейін болдым. Батыс фронт сонда Калинин, Смоленск бағытында болдым. Ухапчин деген қаланың түбінде жарақат алдым. Госпительде көп емделіп, қайтадан шығып, Кольский жартыарал деген жерге кеттік. Сонда соғыстың аяғына дейін болдым. 1950 жылы қайтып келдім.

Жанат Мұрынова, қала әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

– Екінші майдан бері Алматы қаласындағы 86 соғысқа қатысқан ардагерлерді үйлеріне барып құттықтадық. Жақсы күймен, жақсы көңілмен қарсы алды. Ең жасы қазір 92-де.

Хабар 24 телеарнасы