389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаштағы тәлімгерлер мен тәртіп сақшылар слетіне 100-ден астам жас қызметкер қатысты

  • 493
  • UPD: 13:58, 06.05.2018
Балқаштағы тәлімгерлер мен тәртіп сақшылар слетіне 100-ден астам жас қызметкер қатысты

Балқаш қаласында тәлімгерлер мен жас тәртіп сақшылар слеті ұйымдастырылды. Ауқымды шара барысы қызметт

ік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полицейлер ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Осымен 8-рет өткізіліп отырған полицейлер слетіне өз істерінің шеберлері бола білген 100-ден астам жас қызметкер қатысты. Әрқайсысы Ішкі істер департаментінің жедел қызметінде санаулы сәттерде оқыс оқиғалардың алдын алып үлгергендер. Тәлімгерлер мен жас тәртіп сақшылары кездесуінде кәсіби шеберлікпен пен жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу және кадр дайындаудағы басты қағидалар мен сақшылардың деңгейін көтеру жолдары сарапқа салынды.

Айта кету керек, жыл сайын ұйымдастырылатын шара барысында үздік деп танылған тәлімгерлер мен жас қызметкерлер республикалық слетке жолдама алады.

Ардақ Ынтықбаев, облыстық ІІД бастығының орынбасары:

- Бұл шараны біз халыққа полицейлердің қандай қызмет атқарып жатқандығын көрсету үшін ұйымдастырып отырмыз. Жас тәртіп сақшылар өз мамандығын мақтан тұтсын дейміз. Біз қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан қылмыспен күресті жалғастыра береміз.

Хабар 24 телеарнасы