387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы әскерилер әулеті Отан қорғауды қасиетті борыш санайды

  • 560
  • UPD: 09:28, 08.05.2018

Талдықорғанда тұратын Мекеевтер отбасы үй-ішімен әскери қызметкер. Бұл әулеттің үлкені Мұрат Мекеев әскери салада 30 жыл жұмыс істеді.

Қазір ұлдары да Отан қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүр. Қай-қайсысы да сертіне адал, ісіне берік. Олар темірдей тәртіпті жандарына серік еткен жандар. 

Талдықорғандағы 18404 әскери бөлімінің батальон командирі Ермек Мекеевтің күнделікті жұмысы дәл осылай басталады. Әскери бөлімнің жөндеу бөлімшесінен бастап, медициналық ротасына дейін оның қарамағында. Тіпті асхананы да материалдық жағынан жабдықтау Мекеевтің міндетіне кіреді. Олардың қызметін тексереді, жұмысына жауап береді. Ермектің айтуынша, осының барлығы сақадай сай болу үшін темірдей тәртіп пен асқан жауапкершілік керек. 

Ермек Мекеев, 18404 әскери бөлімінің батальон командирі: 

- Мен 9-кластан бастап, әскери мектепте оқыдым. Содан бері мысалы айтсақ, бес саусақ бірдей емес дейді ғой. Әр балаға әрқайсысына әрқандай подход керек. Сонда біреуіне жылы сөйлеп айту керек. Біреуіне мысалы, қаттырақ айту керек. Сондықтан армияда бірінші кезекте тәртіп дейді ғой. Міне тәртіп болған жерде бәрі мықты болады. 

Тәртіпті ұран еткен Ермек Мекеев бала кезінен десантшы болуды армандапты. Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепті бітірген соң әскери институтқа түседі. Еңбек жолын взвод командирінен бастаған. Ал қазір білдей бір батальонды басқарып отырған ол әріптестерінің арасында да үлкен сый-құрметке ие. 

Жақсылық Бектембаев, 18404 әскери бөлімі бригадасы басшысының орынбасары:

- Біз жыл сайын әуе-десантты әскерлерінің арасында жарыс өткізіп тұрамыз. Соңғы екі жыл қатарынан Ермек тек бірінші алып келеді. Мінезі байсалды. Үнемі көңілді жүреді. Спортты жақсы көреді. Өте сенімді жігіт. 

Ал, осындай жігітті әскери өмірге дайындауға атсалысқан жандар, ол әрине Ермектің ата-анасы. Әулеттің отағасы Мұрат Мекеев 30 жылға жуық әскери бөлімдерде қызмет еткен. Ал Ермектің анасы Гүлбаршын Әбеуова госпитальда жұмыс істеген. Інісі Елтай да бүгінде Отан қорғаушылар сапында. Ішкі істер министрлігінің «Арлан» арнайы жасағының құрамында.

Мұрат Мекеев, отағасы:  

- Бастапқыда қарсы болдым. Өйткені  мен өзім әскери болдым. Кішкене қиындау дедім. Бірақ ол оған жоқ, мен барам, әскери адам боламын дегеннен кейін Бауыржан Момышұлына апарып, сонда оқуға түсіп, оқуын бітірді. Қазір офицер болып жүр, комбат болып жүр. Дәрежесі өсіп жатыр. Өте қуаныштымын. 

Гүлбаршын Әбеуова, анасы: 

- Военный болған жақсы. Қызымды да баулып жатырмын қазір соған қазірден бастап. Алла қаласа, ол да әскери госпитальда істейді. 

Қазір Мекеевтер шаңырағында келесі ұрпақ өсіп келеді. Атасы мен әжесі қос немересін «генералым» деп ерекелетеді екен. «Балаларды жастайынан бұлай атау олардың болашағына зор ықпал етеді» дейді олар. Себебі бұл әулетте Отанды қорғау деген ұғым расында да қастерлі дүниеге айналған. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Гүлнар Жантасова, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы