378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазығұрт ауданынан майданға аттанған барлық жауынгерге арналған ескерткіш ашылды

  • 841
  • UPD: 14:53, 08.05.2018

Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында майданға аттанған барлық жауынгерлердің есімі жазылған даңқ мемориалы ашылды.

Ескерткіш тақтаға 7 мың 416 жауынгердің аты-жөні қашап жазылған. Жалпы ұлы отан соғысына Қазығұрт өңірінен 8 мыңға жуық азамат аттанған. Бірақ олардың басым бөлігі майдан даласында ерлікпен қаза тауып, сүйегі жат жерде қалған. Тірі қалған 1 мың 173-і елге оралып, соғыстан кейінгі ауыр тұрмысты түзеуге атсалысқан. Ауданнан екі бірдей Кеңес одағының батыры шықты. Бірі генерал Сабыр Рахымов болса, екіншісі Қарақозы Әбдалиев. Бүгінде жерлестері батыр бабаларының ерлігін мақтаныш етеді. Қазір көзі тірі, тоқсанның төріне шыққан 9 ардагер салтанатты іс-шараға қатысып, қарулас достарының рухына тағзым етті. Бүгінгі бейбіт күнді көре алмай кеткен жерлестері жайлы толғана сыр шертіп, тебірене әңгімеледі. Ал аудан жұртшылығы қарт-майдангерлерге құрмет көрсетсе, жергілікті атқамінер азаматтар сый-сияпат жасады.

Әкімбай Жұмабаев, ҰОС ардагері:

- Көпшілікке, келешек жастарға үлгі, бізді көреді. Жастар үшін өте жасқы істелген. Олар аталарының атын оқып, соғысқа кім барғанын біліп, таңқалатын болады. Келешек үшін өте жақсы дүние.

Төлеген Телғараев, Қазығұрт ауданының әкімі:

- Жастар, болашақ ұрпақ батыр бабаларының атын мәңгі есте сақтап қалу мақсатында жасалып жатқан жағдай. «Боздақтар» кітабы бар арнайы облыстан шыққан. Соның тізімін алып, соларды пайдаландық. Одан кейін осындай тізіммен біз тақта орнататын болдық деп газетке шығардық. Егер қолдарыңызда қандай да бір мәлімет болып, тізімге қоссаңыздар дедік.  Содан тағы да тізімге 200-ге жуық адам қосылды.

Хабар 24 телеарнасы