386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті

  • 662
  • UPD: 19:45, 09.05.2018

Елордадағы «Отан қорғаушылар» монументінің алаңында гүл тізбегін қою салтанаты өтті.

Шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері,  еліміздің мемлекеттік қайраткерлері мен түрлі елдердің дипломаттары қатысты. Алдымен жиналған қауым жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, кейін «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Мерекелік шара Студенттер саябағында өз жалғасын тапты. Отандық әртістер ел алдында соғыс жылдары жазылған әндерді шырқады.

Марат Нағұманов, «ҚР Қарулы күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Осы мерекемен барлық қазақстандықтарды барлық ТМД елдерін құттықтаймын. Осы жеңіске біз бәріміз бірге жеттік. Бейбіт өмірде жеңістен жеңіске жете берейік.

Жанна Жанбатырова, қала тұрғыны:

- Сондай-ақ Отан қорғаушылар алаңының маңында далалық әскери лагерь құрылған. Мұнда ардагерлерге дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді. Ал сахна төрінде мемлекеттік академиялық филармония және  Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері өнер көрсетіп, дүйім жұртты тамсандырды.

Хабар 24 телеарнасы