387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шомылу маусымы басталмай жатып, елімізде 15 адам суға кеткен

  • 750
  • UPD: 14:05, 10.05.2018
Шомылу маусымы басталмай жатып, елімізде 15 адам суға кеткен

Биыл елімізде шомылу маусымы басталмай жатып, 15 адам суға кеткен.

Оның сегізі – балалар. Сонымен қатар құтқарушылардың көмегімен 35 адам және үш бала аман қалған.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімше қызметкерлері халықпен жұмыстар жүргізуде. Олар азаматтарға су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, жеке құтқару жабдықтары болған жағдайда ғана балық аулауға кеңес беруде.

Айта кету керек, Қазақстанда шомылу, демалу және балық аулауға болатын 50 мыңнан астам су қоймасы бар. Көбіне суға кету оқиғалары адамдардың балық аулау немесе басқа да жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтамауынан болып жатады.

Хабар 24 телеарнасы