387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі жемқорлықпен бірге күресуге шақырды

  • 646
  • UPD: 08:56, 11.05.2018
«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі жемқорлықпен бірге күресуге шақырды

Биыл Астанада мемлекеттік органдардың 5 басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Елорда іргесінде орналасқан ауылдардың әкімдері де пара алып, қызметтік өкілеттіктерін асыра сілтеп пайдаланған. Мысалы, Қосшы ауылының басшысы бас қаладан жер учаскесін алып беру үшін кәсіпкерден ақша бопсалаған. Ал Аршалы ауданында ауыл әкімі бизнесменге өз үйінің маңында көлігін қоюға рұқсат беру үшін 6 жүк көлікке тиелген қиыршық тас талап еткен. Жыл басынан бері жемқорлыққа байланысты қылмыс жасаған бас-аяғы 12 мемлекеттік қызметкерге соттың үкімі шықты. Жеңіл ақшаға құныққандар туралы қандай да бір ақпарат болса, енді ұялы телефон нөміріне хабарласып шағымдануға мүмкіндік бар. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі мәлімдеді.

Жазира Жылқышиева, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

- 55-64-60 не болмаса 8 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарласып, жемқорлыққа қатысты фактілер туралы ақпаратпен бөлісуге болады. Ұсыныс, арыз-шағымдарыңыз болса да, осы телефон нөміріне хабарласыңыздар. Жеңіл ақша қолдың кірі екенін естен шығармаңыз. Барлықтарыңызды Астанадағы жемқорлықты жоюға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы