386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте ҰОС ардагерлері ұлықталды

  • 364
  • UPD: 09:47, 11.05.2018

Өзбекстандықтар да Жеңіс күнін жоғары деңгейде атап өтті.

Ташкентте  ұйымдастырылған мерекелік шара сұрапыл соғыста жауға қарсы тойтарыс берген әскери техникалар көрмесімен басталды. Тіпті саябақ ішінде окоптар қазылып, жау шебінде аянбай күрескен партизандар мен артиллерия, ұшқыштардың дайындық қимылдары көрсетілді. Ардагерлер қан майданда өзіне серік болған қару-жарақтарын көріп, өткенді еске алды. Мерекелік жиын «Еске алу және тағзым» деп аталатын тератрландырылған қойылыммен басталды. Онда кешегі ел басына күн туған шақта қолына қару алып, неміс басқыншыларына қарсы күрескен ұлт қаһармандарының есімі ұлықталды. Жалпы, Өзбекстаннан қан майданға 1,5 миллионға жуық азамат аттанса, соның 500 мыңдайы жат жерде опат болды. 280 өзбекстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Соғыс жылдары шығысқа 100-ге жуық зауыт пен фабрика көшірілген. Ол жерде ұшақтар мен оқ өтпейтін пойыз, қару-жарақ пен киім-кешек тігіліп майданға жіберілді. Сол уақытта Өзбекстанға елі жау қолында қалған мыңға жуық адам көшірілген. Оның 200 мыңы бала.

Иван Голочкин, соғыс ардагері:

- Мен үшін жеңіс күні – 8 мамыр. Сол күні шын мәнінде Германияның ойсырата жеңілгенін естідік. Бұл өмірімдегі ең қуанышты күн болды. Өзбекстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын.

Мақсұтбек Жүсіпов, соғыс ардагері:

- Енді еліміз, жастарымыз мұндай нәрсені көрмесін. Өзіміздің Қазақстан мемлекетіміз тыныш болсын. Осындай жақсылық жасай берсін.

Хабар 24 телеарнасы