389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан балық аулау ережесін бұзған 13 адам жауапқа тартылды

  • 660
Жыл басынан балық аулау ережесін бұзған 13 адам жауапқа тартылды tooopen.com

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережесін бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында күнделікті түрде патрульдеу жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

12 мамырда Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының мекенжайына Кенесары көшесі ауданындағы «Есіл» өзенінің бойындағы белгісіз адамдардың балық аулауға арналған торларды орнатып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.Тексеріс барысында Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің қызметкері Кенесары көшесіндегі «Есіл» өзенінің бойында 1994 жылы туылған Т. есімді азаматтың балық аулау мақсатында торларды орнатқаны анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 383-ші бабының 1 тармағын бұзғаны үшін «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу»1994 жылы туылған Т. есімді азамат 5 АЕК (12 025 теңге) көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 383-ші бабының 1 тармағын «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу»бұзған 13 құқық бұзушы 190 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы