377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде мектеп шатыры құлағалы тұр

  • 249
  • UPD: 15:13, 15.05.2018
Семейде мектеп шатыры құлағалы тұр

Семейдегі оқушылар мұғалімдердің кабинетінде, спортзалда тіпті коридорда оқып жүр.

Өйткені мектептің шатырынан жаңбыр жауса, су құйылып, ішке кіреді. Енді оқу кабинеттерінің сылағы түсіп, қабырғалары жарылған. Соған қарамастан сабақ тоқтаған жоқ. Жыл басында өткізілген тендермен енді жөндеу басталыпты. Мердігер жақын арада шатырды жөндеп береміз деп уәде етті.

Гүлнар Оразбекова, қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары:

– Ғимараттың шатырына 59 млн теңге ақша бөлініп отыр. Жылу жүйесіне 8 млн теңге ақша бөлініп, 2 бірдей конкурс өткізілді. Осыған қоса кабинеттердің де төбелері жөндеуден өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы