387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің өкілдері Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

  • 511
  • UPD: 14:04, 16.05.2018

Павлодарда өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша құны 4 жарым миллиард теңге болатын 52 жоба жүзеге асқан.

«Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің өкілдері Қоғамдық кеңес алдында есеп беріп, атқарылған жұмыстармен таныстырды. Әсіресе «Киелі жерлер» картасы, «Туған жерге тағзым», «Атамекен», «100 жаңа есім» жобасы үлкен қызығушылық тудырды. Бір жылда 700 мың адамның қатысуымен 800-дей түрлі шаралар ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталған көрме мен деректі фильмді тамашалады. Ал биыл аталған бағдарлама аясында 130 жоба жоспарға енді. Оларды қаржыландыру көлемі – 6 жарым миллиард теңге. Оның 4,3 миллиард теңгесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тарту көзделген. Ірі жобалардың қатарында Ертіс Cinema халықаралық кинофестивалі және «Кітапханалар желісін жаңғырту» бар.

Сәуле Бекхожина, кәсіби музыкант:

Ұмытылып бара жатқан аспаптың түрі ғой. Сол қайта жаңғыртып жатырмыз. Бірақ әлі де музыкалық оқу орындарда сынып ашылмаған. Болашақта болады деп ойлаймын.

Самал Айтқазина, «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің жетекшісі:

– «Рухани жаңғыру» өңірлік офисінің жұмысын облыстық Қоғамдық кеңес алдында есеп беру ретінде, таныстыру ретінде бүгін ұсынып отырмыз. Ең алдымен біз осы жердегі жұмыстарымызға байланысты үлкен көрме ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгінгі көрмеге сакралды орындар мен біздің ұлттық тарихымызды, ұлттық-салт дәстүрлерімізді насихаттайтын ұлттық өнеріміз бен музыканы насихаттауды осы бағытты көрсетсек деген үлкен ойда болдық.

Хабар 24 телеарнасы